2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының Франция мен Англия құрамалары арасындағы үшінші орын үшін өткен матч тарихқа енді, деп хабарлайды Vesti.kz.
OptaJoe мәліметінше, бұл кездесу соңғы 64 жылдағы әлем чемпионаттарында екі команда да төрт немесе одан көп гол соққан алғашқы матч болды. Мұндай нәтиже соңғы рет 1962 жылғы әлем чемпионатында КСРО мен Колумбия құрамаларының 4:4 есебімен аяқталған ойынында тіркелген.
Сонымен қатар, Франция мен Англия арасындағы кездесу 1982 жылдан бергі әлем чемпионаттарындағы ең нәтижелі матч атанды. Бұған дейін мұндай жоғары нәтижелілік 1982 жылғы мундиальда Венгрия құрамасы Сальвадорды 10:1 есебімен жеңген кездесуде тіркелген еді.
Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испания мен Аргентина құрамалары кездеседі.
Шешуші матч Қазақстан уақытымен 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні сағат 00:00-де басталады.
Жарнама