| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 09:43
 

Франция ӘЧ-2026-дан шығып қалғанан кейін Дешам төрешіні сынап тастады

  Пікірлер

blog.share

Франция ӘЧ-2026-дан шығып қалғанан кейін Дешам төрешіні сынап тастады ©Тұрар Қазанғапов

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Испаниядан жеңілгеннен кейін матчтың бас төрешісінің жұмысына күмән келтірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Испаниядан жеңілгеннен кейін матчтың бас төрешісінің жұмысына күмән келтірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесуге Сальвадордан келген төреші Иван Бартон қызмет етті. Франция құрамасы Испаниядан 0:2 есебімен ұтылып, өз қақпасына жауапсыз екі гол жіберіп алды.

"Мен бір сұрақ қойғым келеді... Бұл төрешінің әлем чемпионатының жартылай финалын басқаруға деңгейі жете ме?" – деп береді Дешамның сөзін инсайдер Фабрицио Романо.

Еске салайық, Франция құрамасы енді әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін ойнайды. Ал Испания құрамасы турнирдің финалына жолдама алды. Сондай-ақ, әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Дидье Дешамды Франция құрамасындағы қызметінен салтанатты түрде шығарып салу жоспарланып отыр. Оның орнына атақты француз маманы Зинедин Зидан келеді деп күтілуде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!