Франк Рибери карьерасын аяқтау туралы шешім қабылдады

© Andrea Staccioli / Insidefoto / Global Look Press

"Салернитана" командасының жартылай қорғаушысы Франк Рибери италиялық командамен келісімшартын бұзып, карьерасын аяқтамақшы, деп жазады Vesti.kz тілшісі инсайдер Джанлука Ди Марциоға сілтеме жасап. 

39 жастағы франциялық футболшы "Салернитана" сапында 2021 жылдан бері өнер көрсетеді. Биыл ол Италияның А сериясында екі кездесу ғана өткізді. Ал өткен маусымда Рибери 22 ойында үш нәтижелі пас берген болатын. 

Айта кетейік, "Салернитанаға" дейін Рибери 2007-2019 жылдар аралығында "Баварияда" ойнады. Содан соң "Фиорентинаға" ауысты. 2006 жылы жартылай қорғаушы Франция құрамасымен бірге әлем чемпионатын күміс жүлдесін жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport