France Football шолушысы Қазақстанның Франциядан неге 0:8 есебімен жеңілгенін түсіндірді

©KFF

Франциялық комментатор әрі France Football журналы мен L'Équipe газетінің шолушысы Танги Ле Севилье 2022 жылы Катар жерінде өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанның ірі есеппен жеңілісі туралы ойын айтты. Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында ол бұл жеңілістің себебін түсіндірді. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы 14 қараша күні Париж қаласында Франциямен кездесіп, 0:8 есебімен ұтылды. Бұл Қазақстан тарихындағы ең ірі жеңіліс болып тіркелді. 

"Аталған кездесу іріктеу кезеңіндегі Францияның ең үздік ойындарының бірі болды. Барлық футболшылар жақсы ойнап, әлемдегі ең мықты команда қандай болу керектігін көрсетті. Мұндай ойында кез-келген қарсылас қарсылық білдіре алмас тұғын. Ал Қазақстан құрамасы Парижге әлсіз құрамымен келді. Мұның өзі нәтижеге тікелей әсер етті. Екі голдан кейін қонақтар өз күшіне сенбей қалды. Қазақстан құрамасынан тек қақпашыны ғана ерекше атап өтер едім. Покатилов болмағанда есеп бұдан да ірі болар еді", - деді Севилье. 

Айта кетейік, бұл жеңістен кейін Франция құрамасы әлем чемпионатына тікелей жолдама алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: