Forbes әлемдегі ең қымбат клубты атады

Сурет: Reuters

Forbes журналы әлемдегі ең қымбат клубтардың рейтингін жариялады. Тізімде "Барселона" алғаш рет бірінші болды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Каталондық клуб 4,76 миллиард долларға бағаланды. Рейтингте 16 жыл көшбасшы болған "Реал" екінші (4,75 миллиард доллар). Тізімде үшінші "Бавария" (4,215 миллиард доллар).

Ал үздік жиырмаға Англия чемпионатының тоғыз бірдей командасы кіріпті. Олардың ең қымбаты - "Манчестер Юнайтед" - 4,2 миллиард доллар.

Forbes нұсқасы бойынша ең қымбат клубтардың топ-20 тізімі:

1. "Барселона" (Испания) - 4,76 миллиард доллар;
2. "Реал" (Испания) - 4,7;
3. "Бавария" (Германия) - 4,21;
4. "Манчестер Юнайтед" (Англия) - 4,2;
5. "Ливерпуль" (Англия) - 4,1;
6. "Манчестер Сити" (Англия) - 4;
7. "Челси" (Англия) - 3,2;
8. "Арсенал" (Англия) - 2,8;
9. ПСЖ (Франция) - 2,5;
10. "Тоттенхэм" (Англия) - 2,3;
11. "Ювентус" (Италия) - 1,95;
12. "Боруссия" Дортмунд (Германия) - 1,9;
13. "Атлетико" Мадрид (Испания) - 1 миллиард;
14. "Интер" (Италия) - 743 миллион;
15. "Эвертон" (Англия) - 658;
16. "Милан" (Италия) - 559;
17. "Рома" (Италия) - 548;
18. "Вест Хэм"(Англия) - 508;
19. "Лестер" (Англия) - 455;
20. "Аякс" (Нидерланды) - 413.