"Фоланы" ойсырата ұтқан "Қайратқа" Конференция лигасы топтық кезеңіне шығуға бір қадам қалды

Сурет: "Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" Конференция лигасы плей-офф кезеңінің бірінші матчінде Люксембургтің "Фоласын" ұтты. ОСылайша, алматылық клубқа турнирдің топтық кезеңіне шығуға бір қадам қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Люксембургте өткен кездесу 4:1 есебімен аяқталды. Алматылықтар сапынан Вагнер Лав 37 және 70-минутта гол соқты, бразилиялық шабуылшы екінші голын пенальтиден салды. Артур Шушеначев (28-минут) пен Рикардо Алвеш (43-ші) бір мәрте көзге түсті. "Фоланың" жалғыз голын 19-минутта Мирза Мустафич салды.

Қарымта кездесу 26 тамыз Алматыдағы Орталық стадионда өтеді, матч елорда уақытымен 20:00-де басталады. Бұл жұптың жеңімпазы Конференция лигасының топтық кезеңінде ойнайды. 

Еске салайық, мұның алдында қарағандылық "Шахтер" Нұр-Сұлтанда Тель-Авивтің "Маккаби" клубынан 1:2 есебімен ұтылды.

 

 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport