auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Фоланы" өткен жағдайда "Қайрат" – топтық кезеңге жолдама алған үшінші отандық команда атанбақ

"Фоланы" өткен жағдайда "Қайрат" – топтық кезеңге жолдама алған үшінші отандық команда атанбақ
©сурет: Қайрат фк

Бүгін "Қайрат" Конференция Лигасының плей-офф раундының қарымта кездесуінде Люксембургтің "Фоласын" қабылдайды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Апта бұрын қонақта 4:1 есебімен жеңіске жеткен отандық ұжым УЕФА-ның жаңа турнирінің топтық кезеңіне өту мүмкіндігі зор. Оның үстіне бірінші ойыннан кейін "Фола" бас бапкері Себастьен Гранжанның "Топтық кезеңге өту мүмкіндігіміз бір пайыз" дегені бар. Расымен бельгиялық жаттықтырушы өз алаңында ойсырай ұтылған соң, қарымта кездесуде командасының жетістігіне сенбейді. Оның үстіне еуропалық ұжымның бүкіл футболшысының трансферлік құны небәрі 2,2 миллион еуроны құрайды. Салыстырмалы түрде "Қайрат" ойыншыларының трансферлік бағасы 21, 40 миллион еуро. Яғни, қарсыластарына қарағанда он есе қымбат. Тіпті бір-екі голмен ұтылғанның өзінде отандық клуб топтық кезеңге өз тарихында тұңғыш рет өтетін болады. Аталмыш жетістікке жеткен жағдайда Қазақстан атынан еуро турнирлерінің топтық кезеңіне жолдама алған үшінші клуб атанбақ. Осыған дейін 2013 жылы қазақ футболының 100 жылдығы қарсаңында қарағандылық "Шахтер" Еуропа Лигасының тобына алғаш түскен еді. Артынша 2015 пен 2019 жылдары "Астана" Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңінде еліміздің абыройын асқақтатып келді. Соның арқасында қазақ жанкүйерлері "Галатасарай", "Атлетико Мадрид", "Бенфика", "Спортинг", "Селтик", "Манчестер Юнайтед", АЗ (Алкмаар), "Партизан" сынды азулы клубтарды стадиондардан көрді.

Өткен маусымда ішкі біріншілікте жеңіске жеткен "Қайрат" биыл жарысты Чемпиондар Лигасынан бастағаны белгілі. Алғашқы айналымда "Маккабиді" өтсе, артынша Сербияның "Црвена Звездасына" қос ойын қорытындысы бойынша оңбай ұтылды. Нәтижесінде еуро турнирін Еуропа Лигасының үшінші айналымында жалғастырды. Ол жақта да жолы болмай Арменияның "Алашкертіне" есе жіберді. Енді бар үміт Конференция Лигасында. Салыстырмалы түрде кәрі құрлықта деңгейі жағынан үшінші сатыдағы турнир демесеңіз, "Тоттенхэм", "Трабзонспор", "Рома", "Базель", "Ренн", ПАОК, "Андерлехт" секілді әр чемпионаттың мықты ұжымдары өнер көрсетеді. Ендеше жуырда ғана кезекті рет бапкер ауыстырған "Қайратқа" бүгінгі матчта сәттілік тілейміз!

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама