1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 13:15
 

Фликтің кесірінен "Барселонадан" капитан кететін болды

  Пікірлер

blog.share

Фликтің кесірінен "Барселонадан" капитан кететін болды ©x.com/fcbarcelona

«Барселонаның» капитаны Марк-Андре тер Штеген каталониялық клубтан кету жөнінде түпкілікті шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz басылымы Marca басылымына сілтеме жасап.

blog.share

«Барселонаның» капитаны Марк-Андре тер Штеген каталониялық клубтан кету жөнінде түпкілікті шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz басылымы Marca басылымына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, қақпашының бұл шешіміне команданың бас бапкері Ханс-Дитер Фликтің әрекеттері тікелей әсер еткен. Атап айтқанда, германиялық маман Испания Кубогының 1/8 финалындағы «Расингке» қарсы матчта испаниялық Жоан Гарсияны алаңға негізгі құрамда шығару арқылы тер Штегенге нақты белгі берген.

Осыдан кейін неміс қақпашысы маусымның қалған бөлігінде, егер Гарсия жарақат алмаса, негізгі құрамнан орын алу мүмкіндігі болмайтынын түсінген.

Хабарламада айтылғандай, тер Штеген клуб басшылығына кету ниетін ресми түрде жеткізіп, «Жиронаға» ауысу жөнінде келісімге келуді сұраған.

Тараптар қақпашыны 30 маусымға дейін жалға беру туралы алдын ала келісімге қол жеткізген. Енді тек келісімшарттарды рәсімдеп, қол қою ғана қалды. Тер Штегеннің жалға берілген кезеңдегі жалақысының негізгі бөлігін «Барселона» төлей береді, себебі 17 миллион еуро көлеміндегі жалақы «Жирона» үшін ауыр жүк саналады.

33 жастағы Марк-Андре тер Штеген 2014 жылдан бері «Барселона» сапында өнер көрсетіп келеді. Каталондықтар құрамында ол алты рет Испания чемпионы, алты мәрте Испания кубогының иегері, төрт рет Суперкубокты және Чемпиондар лигасын жеңіп алған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!