"Барселонаның" бас бапкері Ханс-Дитер Флик еңбекақы қорын жеңілдетіп, жаңа трансферлерге қаражат босату үшін төрт футболшыны шұғыл сатуды талап етті. Каталондық клуб шабуылшы мен орталық қорғаушы іздеп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Каталондық клубтағы негізгі кадрлық шешімдер:
• Ағайынды Фернандестер клубтан кетеді: El Nacional мәліметінше, "Ла Масияның" болашағынан зор үміт күттірген 18 жастағы туыстар Гильермо мен Тони Фернандес "Барселонадан" кетеді. Олар дубльде ойнаудан бас тартқан, ал негізгі командада оларға әзірге орын жоқ. "Барселона" футболшыларды кейін қайта сатып алу опциясын сақтай отырып сатпақ.
• Эктор Фортқа орын табылмады: Қорғаушы басқа клуб академиясынан шыққан ойыншылармен бәсекеде жеңіліп қалды. Флик оған сенім артпайды. Футболшы таяуда дортмундттық "Боруссияға" ауысады.
• Марк Касадомен мәселе туындады: Жартылай қорғаушы клуб басшылығына ең көп қиындық келтіріп отыр. Ол ең тиімді шарттар ұсынылған Сауд Арабиясына барудан үзілді-кесілді бас тартты. Енді "Барселона" оны Еуропаның басқа клубтарына бастапқыда қалаған 40 миллион еуродан төмен бағаға сатуы мүмкін.
• Басқа трансферлер: Клубтан қақпашы Арон Яакобишвили кетіп, "Альмерияға" ауысты. Ал Томми Маркестің "Брагаға" трансфері жақын.
Айта кетейік, "Барселона" жаңа маусымдағы Ла Лигадағы алғашқы матчын 23 тамызда сырт алаңда "Эльчеге" қарсы өткізеді.