Қатал тәртібімен және талапшылдығымен белгілі "Барселонаның" бас бапкері Ханс-Дитер Флик команда ойыншыларының бірін жақтырмай қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жас талант "Барселонадан" аластатыла ма?Каталониялық клуб маусым алдындағы дайындықты осы аптада бастап кетті. Германиялық маман былтырғыдай бұл жолы да жаттығу барысын қатаң тәртіппен бастады: ережелер қатал, қателікке жол жоқ, тәртіп бұзуға мүлде төзбейді.
Әңгіме қорғаушы Эктор Форт жайлы болып отыр. Ол бұған дейін де Фликтің сеніміне кіре алмаған. Ал Don Balon басылымының хабарлауынша, бірнеше тәртіп бұзушылықтан кейін ол енді бапкердің сенімінен мүлде айырылған. Мәселен, ол Ламин Ямалдың туған күніне арналған кештен кейінгі бірінші жаттығуға кешіккен. Бұл әрекет Фликтің ашуын тудырыпты. Себебі ол үшін тәртіп пен іске толық берілгендікті басты қағида деп санайды.
Фортқа алаңға шығу барған сайын қиындап барадыФорттың командадағы жағдайы бұған дейін де тұрақсыз боллы - қорғаныстағы оң қанаттағы негізгі орында өткен маусымда тұрақты ойнаған Жюль Кунде өнер көрсетеді. Франциялық қорғаушы маусым бойына алмастырылмаған еді, осы себепті жас ойыншы өзін көрсет еалмай келді. Енді тәртіп бұзғаннан кейін бұл мүмкіндік тіпті төмендеп кетті.
Егер жағдай өзгермесе Эктор Форттың клубтан алдағы екі аптада кетуі ықтимал. Ойыншының өзі алаңға сирек шығатынына қарамастан, командада қалғысы келеді деген ақпарат бар. Алайда бұл Флик пен спорт директоры Декомен өтетін кездесудің қорытындысында белгілі болмақ. Форттың германиялық маманның жобасынан орын табыла ма, жоқ па трансферлік кезеңнің барысы көрсетеді.