"Барселона" клубының бас бапкері Ханс-Дитер Флик каталондықтардың Чемпиондар лигасынан шығып қалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екі матчтың қорытындысы бойынша каталондықтар мадридтік "Атлетикодан" 2:3 есебімен ұтылды (0:2, 2:1).
"Біздің көңіліміз түсіп кетті. Бізде көп мүмкіндік болды. 3:0 есебіне дейін жеткізуге мүмкіндік бар еді, бірақ, керісінше гол жіберіп алдық. Сондықтан көңіліміз құлазып тұр.
Біз тамаша матч өткіздік. Ойынды он ойыншымен аяқтадық, алайда, команда керемет деңгей көрсетті. Бүгін көргеніме шынымен ризамын. Бізге сәл ғана сәттілік жетіспеді. Мұндай жағдайлар футболда болады, оны қабылдау керек.
Бұл – футбол. Барлығын ұсақ-түйек сәттер шешеді. Әрине, кейбір тұстарды жақсарту қажет, бірақ, командасының менталитеті мен алаңдағы қарым-қатынасы өте жоғары деңгейде болды. Олар бар күшін салды. Біз дәл осындай ойын күтеміз. Жігіттер керемет жұмыс атқарды, алайда, қажетті нәтижеге қол жеткізе алмадық", – деді Флик Marca басылымына.
Жарнама