Футбол
Бүгін 11:04
 

Флик "Барселонаға" Родридің келуіне қатысты ойын айтты

  Пікірлер

blog.share

Флик "Барселонаға" Родридің келуіне қатысты ойын айтты ©"Барселона" ФК

Каталондық "Барселонаның" бас бапкері Ханси Флик испаниялық жартылай қорғаушы Родридің "Манчестер Ситиден" ауысуып келгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Каталондық "Барселонаның" бас бапкері Ханси Флик испаниялық жартылай қорғаушы Родридің "Манчестер Ситиден" ауысуып келгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Родри бұған дейін "көк-анарлылар" сапындағы ойыншы ретінде ресми таныстырылып, 16-нөмірлі жейдеге ие болды.

"Менің ойымша, ол әлемдегі ең үздік "алтылықтың" бірі. Родри матч барысын толық бақылауда ұстай алады, сонымен қатар қорғаныс кезінде командаға орасан зор көмек көрсетеді", - деп береді неміс маманының сөзін Каталондық Sport басылымы. 

Флик испаниялық футболшының шабуыл ұйымдастыру қабілеті мен ойын қарқынын басқару шеберлігінен бөлек, оның физикалық дайындығына да ерекше тоқталды. Әсіресе Родридің әуедегі доптар үшін күрестегі басымдығын атап өтті.

"Әуедегі жекпе-жектер біздің ойын үлгісі үшін аса маңызды", — деді бапкер.

Сонымен қатар "Барселона" жаттықтырушылар штабы 30 жастағы жартылай қорғаушының мол тәжірибесі клубтың жас таланттарының дамуына көмектеседі деп есептейді. Олардың қатарында Педри, Гави, Фермин Лопес және Марк Берналь бар.

Родри "Барселонамен" 2030 жылдың 30 маусымына дейін келісімшарт жасасты. Transfermarkt мәліметінше, трансфер құны 60 миллион еуроны құраған.

Бұған дейін испаниялық жартылай қорғаушы мадридтік "Атлетико" мен "Вильярреал" клубтарында да өнер көрсеткен.
 
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!