"Барселонаның" бас бапкері Ханси Флик Ла Лиганың 2026/27 маусымындағы кейінге шегерілген бірінші тур аясындағы Бильбаоның "Атлетигіне" қарсы өткен матчта (2:0) дебют жасаған Родридің ойынына баға берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Родри 62-минутта алаңға қосалқы құрамнан шықты.
"Оның "Барса" сапында ойнап жүргеніне бәрі қуанышты. Ол біздің философиямыз бен ойын стилімізге мінсіз сәйкес келеді", – деп береді Фликтің сөзін "Барселонаның" ресми сайты.
"Барселона" Родридің трансферін 18 тамызда ресми түрде жариялаған еді. 30 жастағы "Манчестер Ситидің" бұрынғы жартылай қорғаушысымен келісімшарт 2030 жылдың 30 маусымына дейін жасалған.
БАҚ мәліметінше, каталониялық клуб футболшының трансфері үшін кепілді 60 миллион еуро төлеген. Тағы 11 миллион еуро бонус ретінде қарастырылған.
Жарнама