Футбол
Бүгін 17:47
 

Флик "Барселона" ардагеріне қатысты қатаң шешім шығарды

  Пікірлер

blog.share

Флик "Барселона" ардагеріне қатысты қатаң шешім шығарды ©Depositphotos/mrogowski_photography

"Барселона" бас бапкері Ханси Флик қақпашылар позициясына қатысты қатаң шешім қабылдады. Бір кездері шұғыл түрде командаға шақырылған тәжірибелі қақпашы Войцех Щенсный негізгі құрамға қайта оралу мүмкіндігінен айырылды. Егер ол жұмысқа деген көзқарасын өзгертпесе, ойын уақытына да ие болмайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Барселона" бас бапкері Ханси Флик қақпашылар позициясына қатысты қатаң шешім қабылдады. Бір кездері шұғыл түрде командаға шақырылған тәжірибелі қақпашы Войцех Щенсный негізгі құрамға қайта оралу мүмкіндігінен айырылды. Егер ол жұмысқа деген көзқарасын өзгертпесе, ойын уақытына да ие болмайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаттығудағы көңіл көншітпейтін көрсеткіш

El Nacional мәліметінше, Фликтің мұндай қатаң шешім қабылдауына Щенсныйдың жаттығуы себеп болған.

Бапкерлер штабы поляк қақпашының зейініне, жаттығуға деген жауапкершілігіне және физикалық дайындығына көңілі толмайды. Фликтің пікірінше, қазіргі таңда Щенсныйдың деңгейі команда талаптарынан әлдеқайда төмен.

Depositphotos/mrogowski_photography

Жоан Гарсия - сөзсіз бірінші нөмір

Каталониялық клубтың негізгі қақпашысы ретінде Жоан Гарсия бекітілді. Ол рефлекстері, аяғымен ойнауы және жоғары мотивациясы арқылы Фликтің сеніміне толық ие болды.

Неміс маманы қосалқы қақпашы негізгі қақпашыға апта бойы бәсекелестік тудыруы керек деп санайды. Алайда Щенсный әзірге бұл рөлді атқара алмай отыр.

Бальде тағдыры қайталануы мүмкін

Флик үшін ойыншының тәжірибесі мен бұрынғы жетістіктері шешуші фактор емес. Бұған дейін неміс маманы физикалық бабын жоғалтқаны үшін қорғаушы Алехандро Бальдені де негізгі құрамнан шеттеткен болатын.

Щенсныйға клуб тарапынан құрмет үшін де кубоктік матчтарда ойын уақыты берілмейтіні түсіндірілген. Егер қақпашы жаттығу процесіне деген көзқарасын өзгертпесе, ол бүкіл маусымды қосалқы құрамда өткізуі мүмкін. Бұл жағдайда "Барселона" жаңа резервтік қақпашы іздеуге кіріседі.

Бұған дейін кталондықтар сапына "Фенербахче" клубының хорватиялық қақпашысы Доминик Ливаковичті шақырмақ ниетте екені хабарланған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!