| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 17:49
 

Флик әлем чемпионатында жарқ еткен үш ойыншыны "Барселонаға" алуды сұрады

  Пікірлер

blog.share

Флик әлем чемпионатында жарқ еткен үш ойыншыны "Барселонаға" алуды сұрады ©Depositphotos/mrogowski_photography

"Барселонаның" бас бапкері Ханс-Дитер Флик клуб президенті Жоан Лапортадан Эмерик Ляпорт, Педро Порро және Микель Оярсабальды қатарға қосуды сұрады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Барселонаның" бас бапкері Ханс-Дитер Флик клуб президенті Жоан Лапортадан Эмерик Ляпорт, Педро Порро және Микель Оярсабальды қатарға қосуды сұрады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Fichajes.net мәліметінше, германиялық маман бұл футболшылардың 2026 жылғы әлем чемпионатында көрсеткен өзара үйлесімді ойыны "Камп Ноуда" да өз жемісін береді деп санайды.

Әлем чемпионатындағы жарқын ойын

Аталған үш ойыншы Испания құрамасының әлем чемпионаты финалына жетуі елеулі үлес қосты. Жартылай финалда испаниялықтар Францияны 2:0 есебімен ұтты.

Педро Порро осы кездесуде гол авторларының бірі атанса, Микель Оярсабаль пенальтиді сәтті орындап, турнирдегі бесінші голын соқты.

Трансферге кедергі болатын жайттар

Дегенмен бұл үш футболшыны бір трансферлік терезеде сатып алу қаржылық және келіссөздер тұрғысынан өте қиын міндет болып тұр. Бұған Ла Лиганың қаржылық фэйр-плей талаптары мен ойыншылардың қазіргі клубтарының ұстанымы себеп.

Эмерик Ляпорт ("Атлетик") – 32 жастағы қорғаушы баск клубының жаңа бас бапкері Эдин Терзич үшін негізгі ойыншылардың бірі саналады. "Атлетик" тек толық өтемақы төленген жағдайда ғана ойыншысын жіберуге дайын. Сондай-ақ Нико Уильямсқа қатысты өткен трансферлік оқиғалардан кейін клубтың "Барселонамен" қарым-қатынасы да күрделеніп кеткен.

Педро Порро ("Тоттенхэм") – 26 жастағы қорғаушы Роберто Де Дзербидің жобасындағы маңызды футболшылардың бірі. Оның келісімшарты 2031 жылға дейін жасалған, ал трансферлік құны шамамен 80 миллион еуроға бағаланып отыр.

Микель Оярсабаль ("Реал Сосьедад") – Флик оны Роберт Левандовскидің болашақ ізбасары ретінде қарастырады. Алайда клуб ойыншыны тек 75 миллион еуро көлеміндегі өтемақы төленген жағдайда ғана босатуға дайын. Ал "Барселона" басшылығы 29 жастағы шабуылшы үшін мұндай қаржы жұмсауға күмәнмен қарап отыр.

Осыған байланысты каталониялық клуб алдағы трансферлік науқанда өз басымдықтарын қайта қарап, қаржысы қолжетімді балама ойыншыларды іздеуі мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!