Ағылшынның "Ливерпуль" командасы Чемпиондар Лигасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Турнирдің 1/4 финалында "Бенфиканы" қабылдаған Юрген Клопп шәкірттері өз алаңында 3:3 есебін тіркеді. Алайда апта бұрын Португалиядағы жетістігінің (1:3) арқасында қос мачта 6:4 есебімен басым түсті. Қарымта ойында Роберто Фирмино дубль авторы атанса, Ибраима Конате бір гол соқты.
"Бенфика" сапында Гонсалу Рамуш, Роман Яремчук және Дарвин Нуньестер ерекшеленді.
Енді жартылай финалда "Ливерпуль" мен "Вильярреал" кездеседі. Алғашқы матч 27 сәуірде әйгілі "Энфилд Роуд" стадионында өтеді.