"Фиорентина" "Реал Мадрид" шабуылшысын жалға алды
Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Лука Йович мансабын "Фиорентинада" жалғастырады.
Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Лука Йович мансабын "Фиорентинада" жалғастырады.
Италиялық клуб 24 жастағы сербиялық футболшыны сатып алу құқығынсыз жалға алады. Журналист Джанлука Ди Марционың хабарлауынша, оның жалақысының бір бөлігін мадридтік клуб төлемек.
Еске салайық, өткен маусымның соңында "Фиорентинада" жалдау шарты бойынша өнер көрсеткен Кшиштоф Пёнтек "Гертаға" қайта оралған еді, сондықтан италиялық клуб шабуылшы позициясын нығайтуды жөн көрді.
Йович 2019 жылдың жазында "Айнтрахт Франкфурт" клубынан "Реалға" 63 миллион еуроға ауысқан еді. Бірақ испаниялық клубқа сіңісе алмауына байланысты 2020/2021 жылғы маусымның екінші бөлігінде қайтадан франкфурттық командаға жіберілді.
Өткен маусымда сербиялық шабуылшы "Реал Мадрид" үшін 19 матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.
Жарнама