Футбол
8 қыркүйек 2023 15:37

Финляндиядан ұтылған Қазақстан құрамасы қандай жағдайда қалғаны айтылды

©Тұрар Қазанғапов

"Спорт-Экспресс" басылымының авторы Артем Никулин Еуро-2024 іріктеу матчінде Қазақстан құрамасының Финляндиядан ұтылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Н тобының кездесуі Астанада өтіп, 1:0 есебімен алаң қонақтарының пайдасына аяқталды. 

"Ойын 1:0 есебімен алаң қонақтарының пайдасына аяқталды. Финляндия 5 матчте 12 ұпай жинап, бірінші орынға көтерілді. Өзіндік сенсация жасап отыр. Ал Қазақстан көшбасшылықтан айырылды, енді қалған матчтен барынша ұпай жинау үшін күйбеңге түседі. Ресейлік бапкер Адиевтің командасы іріктеуді жақсы бастаған еді. Алғашқы төрт матчте үш жеңіске жеткен болатын. Ал енді екінші орынды сақтап қалу қиынға соғады. Бұл турнир Қазқастан құрамасы үшін басынан басталды деуге болады", - дейді Никулин.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport