Финляндия құрамасы тарихи жеңіске қол жеткізді

сурет: REUTERS

Финляндия құрамасы тарихи жеңісіне қол жеткізді. Еуропа чемпионатының дебютанты алғашқы ойынында Данияны ұтты. Матчтағы жалғыз голдың авторы Йоэль Похьянпало. 60-шы минутта "суоми" елінің шабуылшысы есеп ашса, 74-ші минутта фин қақпашысы 11-метрлік айып добын қайтарды. Дегенмен, кездесу басында алаң иелері фаворит болып тұрған. 

Пьер-Эмиль Хейбьерг пенальти орындауда Лукаш Градецки қақпасының саңылауын таба алмады. Еске салсақ, бірінші таймның соңғы минуттарында Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен есінен танып, ойын бірнеше минутқа тоқтап қалған болатын. Нәтижесінде Эриксенді бірден ауруханаға алып кеткен.

Еске салсақ, Бельгия, Ресей, Дания және Финляндия құрамалары В тобына жайғасқан. 

Метки:
Жаңалықтар