Финляндияның "Сейняйоки" клубының ойыншысы Билли Айонс ұлттық чемпионатта "ВПС" клубымен өткен ойында тамаша гол салды. Видео лиганың Twitter желісіндегі аккаунтында жарияланды.
Айонс кеудесімендопты қабылдап, қақпадан біршама алыс жерден секіріп гол салды. ВПС қақпашысы командасын құтқара алмады. Кездесу 2:1 есебімен "Сейняйоки" клубының пайдасына шешілді.
"Сейняйоки" клубы 38 ұпаймен турнирлік кестенің бесінші орнында тұр. Бірінші орында Хик командасы - 55 ұпай. ВПС - жетінші орында.
Жарнама