Финалиссима! Италия мен Аргентина құрлықтың үздігін анықтайды

©Reuters

Италия мен Аргентина құрамалары арасындағы ойын Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Италия – соңғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы. Ал Аргентина болса Америка Кубогін иеленді. Қазіргі таңда УЕФА мен КОМНЕБОЛ (Оңтүстік Америка конфедерация футболы) арасында келіссөздер жүруде.

Бұл матч – "Финалиссима" деген атау алды. Қос ұжым арасындағы ойын 1 маусымда "Уэмблиде" өтеді.

ФИФА рейтингінде Аргентина командасы төртінші орында болса, Роберто Маничинидің Италиясы алтыншы орында. 1828 ұпайы бар Бельгия құрамасы әлем бойнынша бірінші орында тұр.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport