Финалға шықты. "Бавария" Чемпиондар лигасынан "Лионды" шығарып тастады

Сурет: SportArena
Германиялық "Бавария" Чемпиондар лигасының жартылай финалында франциялық "Лионды" ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Португалия астанасындағы "Жозе Алваладе" стадионында өткен ойын 3:0 есебімен аяқталды. Германия құрамасының шабуылшысы Серж Гнабри 18 және 33-ші минутта дубль жасады, ал 88-ші минутта польшалық форвард Роберт Левандовски гол салды.

Бұған дейін "Бавария" испаниялық "Барселонаны" ойысарата жеңген (8:2) және англиялық "Челсиді" ұтты (3:0, 4:1), ал "Лион" өз жолында англиялық "Манчестер Сити" (3:1) мен италиялық "Ювентустен" (1:0, 1:2) сырт алаңдағы гол есебінен басым болған.




Жаңалықтар