Финалда Месси гол салғанда ереже бұзылғаны айтылды

20 желтоқсан 2022 09:44
©РИА Новости

Катардағы ӘЧ финалында Мессидің 108-минутта Франция қақпасына салған голы есепке алынбау керек болған, деп жазыпты L’Equipe газеті. 

Қосымша уақытта салынған гол Аргентинаны есепте алға шығарды - 3:2. Ал доп соғылған сәтте аргентиналықтардың қосалқы құрам ойыншылары алаңға шығып кеткен екен. 

"Льористің сейвінен кейін Месси гол салғанда Аргентина құрамасының қосалқы құрам ойыншылары эмоцияға беріліп, алаңға шығып кетті. Олар жеңісті тойлауға дайын болды. Бұл қатаң тыйым салынған дүние. 

Ереженің тоғызыншы пунктінде көрсетілген: "Гол салынып, ойын қайта жалғасқанға дейін төреші гол соғылған сәтте алаңда бөгде адам болғанын байқаса, голды есепке алмау керек, бұл гол салған қосалқы құрам немесе алмастырылған ойыншы, алаңнан қуылған футболшы, команда қызметкері болса. Ойын қосымша ойыншы болған жерден айып добымен жалғастырылуы керек", - деп жазыпты франциялық басылым. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport