Финал! "Барселона" мен "Реал" Испания суперкубогін сарапқа салады

©Sky Sports

Футболдан Сауд Арабиясында өтіп жатқан Испания Суперкубогының финалына "Барселона" мен "Реал" клубтары шықты. Жанкүйерлер финалда эль-класиконы тамашалай алады. 

Жартылай финалда каталондық клуб "Осасунаны" 2:0 есебімен ұтты. Эр-Риядтағы "Әл-Әббал Парк" алаңында өткен ойында Роберт Левандовский мен Ламин Ямаль гол соқты. 

"Барселона" финалда "Реалмен" ойнайды. Бірер күн бұрын корольдік клуб мадридтік дербиде "Атлетиконы" 5:3 есебімен ұтқан болатын. Финалдық кездесу 15 қаңтар күні өтеді. 

Өткен маусымда Испания Суперкубогын "Барселона" иеленген еді. Сауд Арабиясында алғашқы финалда олар басты қарсыласы "Реалды" ұтып кеткен болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport