ФИФА Тунис құрамасын әлем чемпионатынан шеттеуі мүмкін

©euro-football.ru

Футболдан Тунис құрамасы 2022 жылы Катар жерінде өтетін әлем чемпионатынан шеттелуі мүмкін, деп жазады BBC басылымы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, Тунис құрамасын ФИФА елдің басшыларының футболға араласып кетуіне байланысты шеттетілуі ықтимал. Елдің Жастар және спорт министрі Камель Дегиш жуырда Тунис футбол федерациясын тарқатып жіберуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын. 

ФИФА бұл мәлімдемені мемлекет басшыларының футболға тікелей әсер етуде деп қабылдап, түсініктеме беруін талап етуде. 

Айта кетейік, Тунис құрамасы Катардағы әлем чемпионатында Дания, Аустралия және Франциямен бір топта ойнайды. 

Ал әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport