ФИФА төрешінің көмекшілерін роботтармен алмастырмақ

© mirror.com
ФИФА жетекшілері жақын күндері матчтерде қызмет ету үшін роботтар көмегіне жүгінбек, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" порталы The Mirror баслымына сілтеме жасап.

Ұйым өкілінің сөзінше, ФИФА қазір жобаны енгізу жолдарын қарастырып жатыр. Бас төрешінің көмекшілерді (лайнсмендер) роботтар алмастырады деп жоспарлануда. 

Соңғы жылдары ФИФА футболды белсенді модернизациялауда, оның ішінде голды анықтау көрсеткішінен бастап VAR жүйесін енгізуге дейін. Лайнсмен-роботтардың нақты қашан қолданыла бастайтыны белгісіз.