Футбол
24 қыркүйек 2019 10:29

ФИФА The Best сыйын табыстады. Месси жыл футболшысы атанды.

Лионель Мессидің твиттер желісінен
Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (ФИФА) Миланда жылдың үздік футболшыларын марапаттады. Ерлер арасында "The Best" сыйлығына Лионель Месси ие болды.

Аргентина ұлттық құрамасы мен каталондық "Барселонаның" шабуылшысы бұл атаққа алғаш рет қол жеткізіп отыр. Ол шешуші кезеңде Криштиану Роналду (Ювентус) мен Вирджейл Ван Дейкті (Ливерпуль) басып озды.

"France Football" журналы 2016 жылдан бастап Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген болатын. Нәтижесінде басылым "Алтын доп" иегерін өздері анықтаса, ФИФА "The best" сыйлығын табыстауды қолға алған еді. Биыл "The Best" сыйлығы төртіншіі рет табысталды. Мессиге дейін Роналду екі рет алса, өткен жылы Лука Модрич жеңіп алған.

Ла Скала театрында өткен марапаттау кешіне Криштиану Роналду келген жоқ.

ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы ұлттық құрамалар жаттықтырушылары мен капитандары, журналистер мен жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталды.

Әйелдер арасында "The Best" сыйлығына Меган Рапино ие болды. Ал Юрген Клопп жылдың үздік жаттықтырушысы атанды. Өзге де үздіктер марапатталды.

Үздік қақпашы: Алиссон Бекер ("Ливерпуль")
Әйелдер арасында үздік қақпашы: Сари Ван Венендал (Нидерланд)
Әйелдер командасының үздік жаттықтырушысы: Джилл Элис (АҚШ құрамасы)
Жылдың үздік жанкүйерлері: Анасы мен зағип ұлы ("Палмейрас")
Перенц Пушкаш сыйлығы иегері: Даниэль Сзори 
Fair Play марапатының иегері: Марсело Бьелса ("Лидс")

Үздік гол сыйлыған алған Даниэль Жори ("Дебрецен") болды. Дауыс беруде ол Лионель Месси ("Барселона") мен Хуан Кинтеродан ("Ривер Плейт") асып түсті.



"FIFA 2019" үздік ер футболшылар құрамы



"FIFA 2019" үздік әйел футболшылар құрамы