ФИФА Роналдудың "голына" байланысты нақты шешім шығарды
Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Уругвай қақпасына соғылған алғашқы голдың (гол Бруну Фернандешке жазылды) авторы өзі екенін айтады. Португалияның футбол федерациясы ФИФА-ға голды Роналду соққанын дәлелдейтін деректер жіберген, алайда Футбол Қауымдастықтарының Халықаралық Федерациясы гол авторы Фернандеш екенін дәлелдеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Матчтан кейін Криштиану Роналду ойынныың ресми өкілдеріне голдың оның шашына тиіп, қақпа торынан табылғанын түсіндірген және Бруну Фернандеш атына жазылған нәтижелі соққы оның атына жазылуы керек деп есептеген. Тіпті, телетрансляциялардың біріне түсіп қалған видеода оның:
"Доп маған тиді! Гол менің атыма жазылуы керек!", - деп айтқаны естіліп қалған.
Португалияның футбол федерациясының голға қатысты ФИФА-ға салған сұрауына халықаралық ұйым келесідей жауап беріп, голдың авторы Роналду емес екенін көрсеткен.
Португалия мен Уругвай арасындағы матчта ресми Al Rihla добына орнатылған Connected Ball технологиясы арқылы Криштиану Роналдудың алғашқы соғылған голға қатысы жоқ екенін дәлелдей аламыз. Ешқандай сыртқы күш допқа әсер етпеген. Доптың ішіндегі 500 Гц жиілігі бар IMU құрылғысы гол авторын анықтауда қателік кетпеуіне мүмкіндік береді", - деп жауап берген ФИФА.
Португалия Уругвай құрамасын 2:0 есебімен ұтып, 1/8 финалға жолдама алды. Әлемнің екі дүркін чемпиондарының қақпасына соғылған екі голдың да авторы - Бруну Фернандеш.
Жарнама