Қазақ ұлттық құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде бір саты төмен сырғыды. Жаңа рейтинг ұйымның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Маусым айында Али Алиевтің жетекшілігіндегі команда екі ойын өткізді. 9 маусымда 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен ойнап, 0:1 есебімен ұтылды.
4 маусымда Қазақстан ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде Беларусь құрамасына 1:4 есебімен ұтылды.
ФИФА рейтингінің алғашқы ондығында өзгерістер болды. Португалия құрамасы жетінші орыннан алтыншы орынға көтеріліп Нидерландыны ығыстырды. Германия мен Хорватия құрамалары да бір-бір саты жоғарылап, Италия құрамасын (11-орын) ондықтан шығарып тастады.
10 шілдедегі ФИФА рейтингі:
1 (1). Аргентина - 1885,36
2 (2). Испания - 1867,09
3 (3). Франция - 1862,03
4 (4). Англия - 1813,32
5 (5). Бразилия - 1777,69
6 (7). Португалия - 1770,53
7 (6). Нидерланды - 1758,18
8 (8). Бельгия - 1736,38
9 (10). Германия - 1716,98
10 (11). Хорватия - 1707,51
...114 (113). Қазақстан - 1165,49
Қосымша айта кетсек, Қазақстан құрамасы келесі матчтерін қыркүйек айында өткізеді - 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Уэльс құрамасымен (өз алаңында) және Бельгиямен (сыртта) ойнайды.
Жарнама