ФИФА рейтингі: Қазақстан құрамасы сол орнын сақтап тұр

©ҚФФ

Бүгін, 25 тамыз күні Халықаралық футбол қауымдастығы (ФИФА) ұлттық құрамаларға арналған тамыз айының рейтингін шығарды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Тамыз айында бірде-бір кездесу өткізбеген Қазақстан құрамасының жаңа рейтингте орны өзгермеген. Біздің құрама 114-орында тұр. Қоржынымызда 1166.28 ұпай бар. 

Тізімнің алғашқы үштігінде де ешқандай өзгеріс жоқ. Бразилия құрамасы бірінші, Бельгия екінші, ал Аргентина үздік үштікті түйіндеп тұр. 

ФИФА рейтингі: 

1.Бразилия - 1837 ұпай
2.Бельгия - 1821 ұпай
3.Аргентина - 1770 ұпай
4.Франция - 1764 ұпай
5.Англия - 1737 ұпай
114.Қазақстан - 1165 ұпай

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport