ФИФА рейтингі: Қазақстан құрамасы бес саты төмен түсті

©Тұрар Қазағапов

Бүгін, 31 наурыз күні Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингі шықты. Жаңа тізімде Қазақстан құрамасы бес саты төмен сырғыды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Өткен айдың қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы 120 орында тұрған болатын. Ал жаңарған рейтингте Андрей Карпович жаттықтыратын біздің ұжым 125-орынға түсті. Қазақстан құрамасының еншісінде 1134 ұпай бар. 

Феррар аралдары, Үндістан, Ливия, Тәжікстан және Тайланд секілді құрамалар бізден жоғары орналасқан. Жалпы рейтингті мына сілтемеден көре аласыздар. 

Ақпан айына арналып шыққан жаңа тізімнің көшбасында өзгерістер бар. Бразилия құрамасы бірінші орынға шыққан. Екінші сатыда Бельгия болса, Франция үшінші орында. 

ФИФА рейтингі: 

1. Бразилия — 1832.
2. Бельгия — 1827.
3. Франция — 1789.
4. Аргентина — 1765.
5. Англия — 1761.
6. Италия — 1723.
7. Испания — 1709.
8. Португалия — 1674.
9. Мексика — 1658.
10. Нидерланды — 1658. 

125. Қазақстан — 1134

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport