ФИФА ресми өкілдерін аңду ақымақтық екені айтылды

©championat.com

Катар билігі 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізу құқын сақтап қалу үшін ФИФА басшыларын аңдуға 287 миллион доллар жұмсапты деген ақпарат тарады. Ресейдің футбол кеңесінің президенті Вячеслав Колосков бұған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс". 

"Недеген ақымақтық! ФИФА шенеуніктері қандай қызметте болмасын, ӘЧ Катарда өте ме, жоқ па деген шешімді қабылдай алмайды. Бұл мәселе Футбол федерациясы кеңесінің құзырында. Бұл ұйым барлық құрлықтық федерация мүшелерінен тұрады. Бәрін аңдып жүре алмайсың ғой. Ол не шенеуніктер жасырын бірдеңе бүлдіретін? Бұл англиялық баспасөзге тән жалған ақпарат, әлем чемпионаты ресейде өтерде де осындай болған", - дейді Колосков. 

2022 жылғы әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығы Катарда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport