ФИФА Ресейге 2018 жылғы ӘЧ үшін төлейтін қаржыны тоқтатты

©vesti.ru

Ресей футбол одағының дамыту бойынша директоры Максим Митрофанов Халықаралық футбол одағынан 2018 жылы Ресейдегі әлем чемпионаты үшін төленетін қаржының тоқтағанын мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz.

"ФИФА тарапынан бізге 100 миллион АҚШ доллары түсуі тиіс еді. РФО аталмыш соманың 30 пайызын алды. Қазіргі таңда ФИФА қаржыны жіберуді тоқтатып отыр. Бірақ түбегейлі төлемейміз деген ақпарат келмеді", - дейді Митрофанов.

Еске салайық, ФИФА мен УЕФА Украинадағы жағдайға байланысты ресейлік клубтарды халықаралық жарыстардан уақытша шеттеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар