Футбол
12 тамыз 11:48

ФИФА Ресей құрамасына қатысты шешім қабылдады

©"СЭ"

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФA) Ресей құрамасының күздегі матчтеріне қатысты маңызды шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін 12 қараша күні ресейлік құрама Санкт-Петербург қаласында Перу құрамасымен, ал 15 қарашада Сочидегі "Фишт" стадионында Чили құрамасымен жолдастық кездесу өткізетіні белгілі болған. Жуырда бұл ойындардың ФИФA рейтингінде есепке алынатыны нақтыланды.

"Перу және Чили құрамаларымен өтетін матчтар ФИФA рейтингіне кіреді", – деп мәлімдеді Ресей футбол одағының (РФС) баспасөз қызметі "РИА Новости" агенттігіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Перу құрамасы Ресеймен бұған дейін ресми деңгейде кездескен емес. Алайда КСРО құрамасы бұл елдің ұлттық командасымен үш рет ойнап, екі рет жеңіске жетіп, бір рет тең түскен. Ал Чилиге қарсы кеңестік команда алты ойын өткізіп, төрт рет ұтып, бір рет тең түсіп, бір мәрте ұтылған. Ресей мен Чили арасындағы жалғыз ресми кездесу 2017 жылы Мәскеуде өткен болатын – ол матч тең есеппен аяқталған.

Еске салайық, 2022 жылдың ақпан айының соңынан бастап Ресей құрамасы ФИФA және УЕФА шешімімен халықаралық турнирлерден шеттетілген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport