ФИФА-ның бұрынғы президенті Йозеф Блаттер Иран құрамасын Катарда өтетін әлем чемпионатынан шеттеу керегін айтты. Ол мұндай шешім Иран жерінде әйелдердің құқықтары төмендетілгеніне байланысты шығарылуы керек дейді.
"Иран Катарда өтетін әлем чемпионатынан шеттетілуі керек. Егер мен ФИФА президенті болғанымда, бұл құраманы шеттетін едім", - деді Блаттер.
Айта кетейік, әлем чемпионатында Иран В тобында Англия, АҚШ және Уэльс құрамаларымен бір топта ойнайды.