ФИФА өкілі Садио Манені бақсылар арқылы емдеп алмағын мәлімдеді

©twitter.com/YDiatara

ФИФА бас хатшысы Фатьма Самура Сенегал құрамасы мен "Баварияның" шабуылшысы Седио Мане Катарда өтетін әлем чемпионатына қатысады деп үміттенуде. 

Мана Бундеслиганың 14-турында "Бавария" мен "Вердер" командалары арасындағы кездесуде жарақат алды. Негізі оның қатарға қайта қосылуына бірнеше апта керек. 

"Біз марабуттарымызды (көріпкелдері) Садио Манеге көмектесу үшін пайдаланамыз. Мұның пайдасы бола ма, жоқ па білмеймін. Дегенмен біз олардың көмегіне жүгініп көреміз. Ғажайыпқа сенеміз. Ол әлем чемпионатына қатысу керек", - деді Самура. 

Сенегал құрамасының бас бапкері Алиу Сиссе әлем чемпионатына қатысатын футболшылардың тізімін бүгін, 11 қараша күні жариялады. Ал топтық кезеңде Сенегал Катар, Нидерланды және Эквадормен ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар