1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 11:46
 

ФИФА-ның 2026 жылы алғаш жаңарған рейтингіндегі Қазақстанның орны аталды

  Пікірлер

blog.share

ФИФА-ның 2026 жылы алғаш жаңарған рейтингіндегі Қазақстанның орны аталды ©ҚФФ

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың 2026 жылғы жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың 2026 жылғы жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан құрамасы 2025 жылдың соңында көтерілген 114-орнын сақтап қалды. Осылайша, ұлттық команда әлемдік рейтингтегі өз позициясын өзгеріссіз ұстап отыр.

Көшбасшы өзгерген жоқ

Рейтингтің көшін әлі де Испания құрамасы бастап тұр. Олар бұған дейін бірінші орыннан ығысқан Аргентинаны артта қалдырған болатын. Әлемнің қазіргі чемпионы - Аргентина екінші орынға жайғасса, үздік үштікті Франция құрамасы түйіндеп отыр.

ФИФА рейтингісінің ТОП-10 тізімі (2026 жылғы қаңтар)

1. Испания
2. Аргентина
3. Франция
4. Англия
5. Бразилия
6. Португалия
7. Нидерланды
8. Марокко (+1)
9. Бельгия (-1)
10. Германия (-1)

Айта кетейік, ФИФА рейтингі ұлттық құрамалардың ресми матчтардағы нәтижелері негізінде жасалады. Оған іріктеу кезеңдері, ФИФА және құрлықтық конфедерациялар аясындағы турнирлер кіреді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!