Гаити құрамасы әлем чемпионаты қарсаңында күтпеген мәселеге тап болды. Турнирдегі алғашқы матчқа бірнеше күн қалғанда команда ФИФА талабымен ойын формасының дизайнын шұғыл түрде өзгертуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Vesti.kz BBC-ге сілтеме жасап.
ФИФА неге наразылық білдірді?Мәселеге әлем чемпионаты алдындағы бақылау матчтарында пайдаланылған жейделердегі графикалық бейнелер себеп болған.
Футболшылардың жейдесінде 1803 жылғы Вертьер шайқасының көрінісі бейнеленген. Бұл тарихи оқиға ел тәуелсіздігін алуда шешуші рөл атқарған. Сонымен қатар, формада Гаити мемлекеттік туының элементтері де болған.
Алайда ФИФА ережелеріне сәйкес ойын формасында саяси, діни немесе жеке үндеулер ретінде танылуы мүмкін кез келген белгілерді пайдалануға тыйым салынады. Халықаралық федерация дизайндағы кейбір элементтер осы талаптарға қайшы келуі мүмкін деп есептеп, Гаити құрамасынан форманы өзгертуді талап етті.
Гаити әлем чемпионатын жаңа формада бастайдыҚазіргі уақытта команда турнирдегі алғашқы ойынына жаңартылған формада дайындалып жатыр.
Гаити құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы матчын Шотландия құрамасына қарсы өткізеді. Кездесу 14 маусым күні өтеді және Қазақстан уақытымен сағат 06:00-де басталады.