FIFPro легионерлерге Ресейдің Премьер-лигасында ойнайтын клубтармен келісімшартты қиындықсыз бұзу туралы шешім шығаруға ниетті, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы ESPN басылымына сілтеме жасап.
Халықаралық кәсіпқой футболшылардың ассоциациясы ФИФА ұйымына өтініш жазған. Онда шет елдік ойыншылардың ресейлік командалармен еш қиындықсыз келісімшартты бұзуды сұраған.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Ресейдің Премьер-лигасында 133 шет елдік футболшы өнер көрсетеді. Олардың қатарында Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары - Бақтияр Зайнутдинов, Марат Быстров және Нұралы Әліп бар.