Футбол
13 наурыз 2019 11:08
 
ФИФА қазақстандық клубты бұрынғы бапкеріне өтемақы төлеуге міндеттеді

  Пікірлер

blog.share

ФИФА қазақстандық клубты бұрынғы бапкеріне өтемақы төлеуге міндеттеді © KazFootball.kz

ФИФА-ның Мәртебе бойынша комитеті украиналық бапкер Виктор Пасульконың "Оқжетпеске" қатысты шағымын қанағаттандырды. Бұл туралы SILA International Lawyers халықаралық заңгерлік компаниясының ресми сайтында хабарланған. 

Пасулько көкшетаулық клубта 2017 жылдың мамыр айынан қазанға дейін істеген, осыдан кейін "Оқжетпес" маманмен арадағы келісімшартты бір жақты үзген. Ол маусымда көкшетаулықтар премьер-лигадан шығып қалды. 

Кейін Пасулько заңгерлер арқылы ФИФА-ға шағым берді. Аяғы "Оқжетпес" бапкерге келісімшарт аяқталғанға дейінгі еңбекақысы көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

58 жастағы Пасулько үшін "Оқжетпес" карьерасындағы үшінші қазақстандық команда болды. 2010 жылы ол "Астананы" жаттықтырды, ал 2011 және 2014 жылдар аралығы "Ордабасында" істеп, клубпен бірге Кубокты ұтқан. 

Еске салайық, ақпанда ФИФА Нигерия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Айоделе Аделейе алдындағы қарызы үшін "Ақтөбеден" алты ұпай шегерген болатын. Футболшы команадада 2015 жылы ойнаған. 

Жарнама

Живи спортом!