Футолдан Қазқастан құрамасы Ұлттар лигасы аясында Люксембургтен ұталғаннан кейін (1:2) Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) рейтингінде тағы төмен сырғыды, деп жазады Vesti.kz.
Football-ranking.com порталының мәліметінше, жаңартылған тізімде Қазақстан тағы екі саты құлдырап, 103-орынға түсіпті. Бұл матчке дейін Қазақстан командасы 101-орында болатын.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Косово мен Жаңа Зеландия командаларына көршілес болып қалды.
Ал Грекиямен матчке дейін Қазақстан топ-100 тізімде болған еді.