auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

ФИФА Қазақстанда футболды дамыту үшін ҚФФ-ны қолдауға дайын

ФИФА Қазақстанда футболды дамыту үшін ҚФФ-ны қолдауға дайын
©ҚФФ

ФИФА-ның Париж (Франция) қаласындағы еуропалық кеңсесінде ФИФА Президенті Джанни Инфантино мен ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов арасында кездесу өтті.

Кездесуде қазақстандық делегация еліміздегі бұқаралық футболды дамыту жобасын ұсынды. Жобада футболды насихаттау, дайындық және жарыс жүйелері, сонымен қатар, футбол инфрақұрылымын жақсарту мәселелері де қамтылған.

Президент Джанни Инфантино сол жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстан футбол федерациясына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар қазақстандық футбол мамандарына арналған білім беру процесін ұйымдастыруда ФИФА-ның техникалық командасы көмек көрсететінін жеткізді.

Тараптар ФИФА мен ҚФФ ынтымақтастығы аясында Қазақстан аумағында  ФИФА іс-шараларын өткізу, сонымен қатар Орталық Азия футбол қауымдастықтарының өзара қарым-қатынасын жақсарту сұрақтарын талқылады.

Осы сұрақтарды әрі қарай талқылау мақсатында ФИФА басшысы Джанни Инфантино Қазақстан келуге дайын.

"Бүгін ФИФА басшысымен маңызды кездесу өтті. Күн тәртібінде екі негізгі сұрақ қойылды. Балалар-жасөспірімдер және бұқаралық футболды дамыту. Біздің мақсатымыз әр қазақстандық үшін бұқаралық футболдың қолжетімді болуы, әуесқой футболшылардың санын ұлғайту және елімізде футболды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Біздің бастамаларымызды қолдап, ұсынылған жобаларымыздың болашағына баға бергені үшін Джанни Инфантиноға алғысымызды білдіреміз", - деді ҚФФ Президенті Әділет Барменқұлов.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама