ФИФА Қазақстан чемпионатына көтерліген клубқа қатысты шешім шығарды
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ҚПЛ-ге шыққан Павлодар облысының "Ақсу" командасына қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды "Гол емес" телеграм арнасы.
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ҚПЛ-ге шыққан Павлодар облысының "Ақсу" командасына қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды "Гол емес" телеграм арнасы.
Клуб футболшылар мен бапкерлер алдында үлкен қарызы бар павлодарлық "Ертістің" құқықтарын өзіне ала алмайды. 2020 жылғы маусымда "Ертіс" осы себепті Қазақстан чемпионатынан шығып қалған.
Еске салайық, "Ақсу" 2021 жылы бірінші лигада көш бастап, тарихында алғаш рет ҚПЛ-ге көтерілді. Клуб бас бапкер ретінде украиналық маман Руслан Костышинді тағайындаған болатын. Қазір команда Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Жарнама