ФИФА Катардан кейін ең мықты қақпашы атағына үміткерлерді атады

23 желтоқсан 2022 10:35
©EFE

ФИФА The Best сыйына үміткер қақпашылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тізімге кірген алты қақпашының көбі Катарда өткен ӘЧ-де ұлттық құрамаларда негізгі ойыншылар болды. Бұл сыйға лайықтыны таңдауда футболшының 2021 жылдың тамызы мен 2022 жылдың 18 желтоқсан аралығындағы еңбегі есепке алынады. 

Табыстау рәсімі 2023 жылдың 27 ақпанында өтеді.

Тізімге кіргендер: Алисон Бекер ("Ливерпуль", Бразилия), Яссин Буну ("Севилья", Марокко), Тибо Куртуа ("Реал", Бельгия), Доминик Ливакович ("Динамо" Загреб, Хорватия), Мик Меньян ("Милан", Франция), Мануэль Нойер ("Бавария", Германия) және Эмилиано Мартинес ("Астон Вилла", Аргентина).

Еске салайық, мұның алдында бұл сыйды "Челси" қақпашысы Эдуар Менди иеленген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар