FIFA Катардағы финалдан кейін алаңға бөгде адамдардың шығуына қатысты шара қолданбақ

23 желтоқсан 2022 12:42
©

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2022 жылғы әлем чемпионатының финалынан кейін алаңға бөгде адамдардың шығуына байланысты шара қолданбақ, деп хабарлайды Sport24.

Катарда өткен әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы Францияны жеңгеннен кейін (3:3, 4:2 - пен.) танымал түрік аспазшы Нусрет Гөкче алаңға шығып, әлем чемпионатының кубогымен суретке түскен. Аспаздың әрекеті әлеуметтік желілерде дау тудырды, өйткені ФИФА ережелеріне сәйкес, алаңға шығуға және кубокты ұстауға кез келген адамға рұқсат етілмейді. Ережеге сәйкес, әлем чемпионатында алаңға тек турнир жеңімпаздары, ФИФА шенеуніктері мен мемлекет басшылары ғана шыға алады.

"Тергеу қорытындысы бойынша ФИФА салтанаты аяқталғаннан кейін жеке тұлғалардың алаңға рұқсатсыз шыққаны анықталды. Шара қабылданады", - деп жазды журналист Тарик Панджа Twitter-парақшасында.

Insatgram-да 50 миллионға жуық оқырманы бар Нусрет Гокче финал матчінен кейін бірден алаңға шыққанын көрсетіп, әлеуметтік желіде алты жазба жариялаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар