ФИФА Катардағы әлем чемпионатының басталу күнін өзгертті

©Reuters

Катарда өтетін 2022 жылғы футболдан әлем чемпионаты бір күн ерте басталады, деп хабарлайды ФИФА-ның ресми сайты.

Катар мен Эквадор арасындағы ашылу матчі бастапқыда жоспарланғандай 21 қараша емес, жиырмасына қойылыпты.

Бұл ойынға дейін де екі матч өтеді: Сенегал - Нидерланды және Англия - Иран. Дегенмен біріншілікті ашатын ойын осы Катар мен Эквадор кездесуі болады. 

Мундиаль 18 желтоқсанға дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport