Жарнама

Футбол
Бүгін 12:24
 

ФИФА Иранның ӘЧ-ден бас тартуына дайындалып отыр: Италияға жаңа мүмкіндік туды

  Пікірлер

blog.share

ФИФА Иранның ӘЧ-ден бас тартуына дайындалып отыр: Италияға жаңа мүмкіндік туды ©

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Иран құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысудан бас тартқан жағдайда қосымша жоспар дайындап жатыр, деп хабарлайды RMC Sport.

blog.share

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Иран құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысудан бас тартқан жағдайда қосымша жоспар дайындап жатыр, деп хабарлайды RMC Sport.

Дереккөз мәліметінше, Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Иран мундиальға бармауы мүмкін. Мұндай жағдайда ФИФА құрлықаралық плей-офф матчтарын ұйымдастыру нұсқасын қарастыруда.

Бұл жағдайда іріктеуден өте алмаған құрамаларға турнирге жолдама алуға тағы бір мүмкіндік беріледі. Болжам бойынша, мұндай плей-офф ойындарына Азия футбол конфедерациясынан (АФК) және Еуропалық футбол қауымдастықтары одағынан (УЕФА) екі құрамадан қатысуы мүмкін.

Осылайша, іріктеу кезеңіндегі шешуші матчта Босния және Герцеговинаға есе жіберген Италия құрамасы әлем чемпионатына жолдама алу үшін тағы бір мүмкіндікке ие болуы ықтимал.

2026 жылғы әлем чемпионаты осы жазда АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтеді.

Жарыс кестесіне сәйкес, топтық кезеңде Иран құрамасы Калифорния штатының Инглвуд қаласында Жаңа Зеландиямен (16 маусым) және Бельгиямен (21 маусым), ал кейін Сиэтлде Мысыр құрамасымен (27 маусым) кездесуі тиіс.
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!