Испанияның Marca басылымы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантиноның орнына келуі мүмкін бес негізгі үміткердің есімін атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Үміткерлер тізімі:
"Пари Сен-Жермен" клубының президенті әрі Еуропа футбол клубтары кеңесінің (EFC) төрағасы Нассер әл-Хелаифи;
ФИФА вице-президенті және Солтүстік, Орталық Америка мен Кариб бассейні футбол конфедерациясының (КОНКАКАФ) президенті Виктор Монтальяни;
УЕФА президенті Александр Чеферин;
Азия футбол конфедерациясының (АФК) президенті шейх Салман бин Ибраһим Әл Халифа;
Африка футбол конфедерациясының (CAF) президенті Патрис Моцепе.
Басылым мәліметінше, Монтальяни ең ықтимал кандидат саналады. Себебі ол ФИФА кеңесінің вице-президенті қызметін атқарып, ұйымның ішкі жұмысымен жақсы таныс.
ФИФА президенттігіне үміткерлерден өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 18 қараша. Кандидатты тек ұлттық футбол қауымдастығы ғана ұсына алады. Сонымен қатар, үміткер кемінде бес ұлттық федерацияның қолдауына ие болуы тиіс.
ФИФА президентін сайлау 2027 жылғы 18 наурызда Марокконың Рабат қаласында өтеді.
Еске салайық, бұған дейін УЕФА ұйымы ФИФА президенті Джанни Инфантиноға деген сенімнің жоғалғанын ресми түрде мәлімдеген болатын. Бұған Инфантиноның әлем чемпионаттарының коммерциялық құқықтарының бір бөлігін жеке инвесторларға сату жоспары себеп болды. Бұл бастамаға бірқатар жетекші футбол конфедерациялары үзілді-кесілді қарсылық білдірді.
Жарнама