ФИФА биылғы әлем чемпионатына жаңа ереже енгізбек

©

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) матчтардағы қосымша уақытты көбейтуді қарастырып отыр, деп хабарлайды Calcio Finanza.

Бұл идеяны ұйым басшысы Джанни Инфантино Италияға сапары кезінде талқылаған екен.

Ендігіде матчтің толық уақыты 100 минутқа дейін баруы мүмкін. Жаңа ережені 2022 жылғы әлем чемпионаты кезінде енгізуі ықтимал. Дегенмен бұл үшін шешімді Футбол қауымдастықтарының халықаралық кеңесі (IFAB) мақұлдауы қажет. 

Айта кетейік, биылғы әлем біріншілігі Катарда 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығы өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар