Футбол федерацияларының халықаралық қауымдастығының (ФИФА) президенті Джанни Инфантино Өзбекстан құрамасының жаңадан тағайындалған бас бапкері Фабио Каннавароға үндеу жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске салайық, жуырда италиялық маман Өзбекстан ұлттық құрамасын тізгіндегені белгілі болды. Команда өз тарихында алғаш рет 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысады. Бапкермен жасалған келісімшарт турнирдің соңына дейін күшінде болады.
"Құрметті Фабио Каннаваро, 2026 жылғы әлем чемпионатына қош келдің! Сен 2006 жылы Италия құрамасының капитаны ретінде әлем чемпионы атанғалы 20 жыл өтті. Енді бұл додаға жаңа рөлде - Өзбекстан құрамасының бас бапкері ретінде қатысқалы тұрсың", - деп жазды Инфантино әлеуметтік желіде.